Қазақстан биылғы астықтың 6 млн тоннасын экспортқа шығарады

Жарияланды
Фото:shutterstock

Мәжілісте ауа райының қолайсыздығынан пайда болған сапасыз астықтың болашақ тағдыры талқыланды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов астық экспортына қатысты түсінік берді, деп хабарлады Kazinform.

«Биыл 15,5 млн тонна астық жиналуы мүмкін екенін айтқан едік. Қазір әкімдіктердің мәліметі бойынша 16,5 млн тонна қамбаға түсті. Сондықтан осы астық көлемін ескере отырып, экспортқа 6 млн тонна шамасында өнім шығаруға мүмкіндік болады», – деді Азат Сұлтанов.

Статистика деректеріне сәйкес 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша дәнді және бұршақты дақылдардың көлемі 6,5 млн. тоннаны құрады. Оның ішінде 5,3 млн.тонна бидай.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде астық жинау аяқталуға жақын. Бірақ 5 облыста астық жинау әлі де аяқталған жоқ. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша. 16,9 млн.га немесе 99,4% астық жиналды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,7 млн. тоннаға төмен.

Шаруаларды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету проблемалық мәселе болуы мүмкін. Облыс әкімдіктерінің жедел ақпаратына сәйкес бүгінгі күні қажеттілік кезінде 2,4 млн.тоннаға немесе 80% толтырылды. Оның ішінде дәнді дақылдар 80%, майлы дақылдар 45%, жемшөп 48%, картоп 94% құрады.

Сондай-ақ оқыңыз