Әскери сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты істі қайта қарады

Жарияланды

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты істі Қазақстанның Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарады.

Бұған дейін Нұрасыл Болат алматылық ерлі-зайыпты заңгерлерді ұрғаны үшін 1 миллион 700 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелген еді. Алайда жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.

Әскери соттың хабарлауынша, Нұрасыл Болатқа қатысты іс апелляциялық тәртіппен қайта қаралды.

Бірінші инстанциядағы сотта әскери қызметкер Болат 1 725 000 теңге айыппұл төлеуге міндеттелеген. Жәбірленушілердің пайдасына 1 млн теңге моральдық өтемақы өндірілді.

Іс барысында Нұрасыл Болат кінәсін мойындады.

«Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім мемлекеттік баж сомасы бөлігінде 1 725 теңгеге дейін төмендетілді. Сондай-ақ сотталушы Болаттан апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқаны үшін өкілдің қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығын – 400 000 теңге жәбірленушілердің пайдасына өндірілді. Қалған бөлігінде үкім өзгеріссіз қалады», – деп шешті сот алқасы.

Қаулы заңды күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін сот 10 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж төлеуге міндеттеді.

Сондай-ақ оқыңыз