Орташа айлық жалақы көлемі бойынша Қазақстан ЕАЭО елдері ішінде екінші орында тұр

Жарияланды
ЕАЭО бойынша ең жоғары орташа жалақы Ресейде тіркелген / Фото: kursiv.media

Ең жоғары жалақы көлемі бойынша Қазақстан 350 мың теңге жалақымен ЕАЭО елдері ішінде екінші орында тұр. Бұл жайлы ЕАЭО-ның қаңтар-қыркүйек айларына қатысты есебінде жарияланған.

Есепке сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орташа айлық атаулы және нақты жалақы (тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексіне түзетілген жалақы) ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттерде өскен. Орташа айлық нақты жалақының ең жоғары өсу қарқыны Арменияда – 113,4%, Қырғызстанда – 110,7% және Беларусьте – 110,1% көлемінде тіркелген.

Бұл елдердегі жалақы көлемі төмендегідей:

  • Ресей – $857 немесе 390 922 теңге.
  • Қазақстан – $774 немесе 350 487 теңге.
  • Армения – $676 немесе 305 569 теңге.
  • Беларусь – $628 немесе 284 123 теңге.
  • Қырғызстан – $367 немесе 169 028 теңге.

Ал Қазақстанның қала бөлінісіндегі орташа айлық жалақыға келер болсақ, ең жоғары жалақыны Жаңаөзен қаласындағы мамандар алады – 686 744 теңге, ал ең төменгі жалақы Талдықорған қаласында тіркелген: 212 136 теңге. Айырмашылық 3,2 есе. Рейтингтегі екінші орынды 513 мың теңгеден астам жалақымен Атырау қаласы иеленді. Үздік үштікті Сәтбаев түйіндеп тұр (475 мың теңге). Одан кейін Ақтау (442 мың теңге), Жезқазған (400 мың теңге) және Астана (389 мың теңге) қалалары келеді. Жетінші орында Балқаш (351 мың теңге), сегізінші орында Алматы (338 мың теңге), тоғызыншы орында Риддер (331 мың теңге), оныншы орында 307 мың теңге жалақымен Екібастұз қаласы орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыз