ҚМГ Karaton Operating Ltd компаниясына Қаратон кен орнын барлау құқығын берді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы

Фото: kursiv.media

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы өзінің еншілес Karaton Operating Ltd мекемесіне Қаратон кен орнында барлау жұмыстарын жүргізу және өндіру құқығын берді.

«ҚМГ «Karaton Operating Ltd.» жеке компаниясына Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан Қаратон жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге құқықтарын берді», – делінген Қазақстан қор биржасында жариялаған хабарламада.

«ҚазМұнайГаз» қыркүйек айында Karaton Operating Ltd компаниясының 100 пайыз акциясын иеленген.

ҚМГ Қаратон кен орнын игеру мәселесін биыл жазда қолға алған еді. «ҚазМұнайГаз ҰҚ мен Энергетика министрлігінің арасында жаңа кен орнын игеруге қатысты келісімге маусым айында қол қойылған.

«Энергетика министрлігі мен ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы арасында Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан Қаратон Подсолевой жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған № 5238-УВС-СП келісімшартына («Келісімшарт») қол қойылғанын хабарлайды», – делінген ақпаратта.

Дегенмен бұл ақпараттық хабарламада келісімнің шарттары, орындалу мерзімі, жобадағы серіктестер туралы ақпарат берілмеген.

Сондай-ақ оқыңыз