Freedom Broker «ҚазТрансОйл» акцияларын ұстай тұруға кеңес береді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Freedom Broker «ҚазТрансОйл» акцияларына қатысты қандай кеңес береді? Фото: ҚТО

Freedom Broker сарапшылары «ҚазТрансОйлдың» 2023 жылдың үшінші тоқсанындағы қаржы нәтижесін сараптай келе, компания акцияларын «ұстай тұрған» жөн деп тұжырымдайды.

Өйткені компанияның тосандық түсімі өсуін жалғастырып, ал кірісі былтырмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарған. Оған қоса компания қызметі тарифінің қымбаттауы оның қаржы нәтижесіне әсер ете бастады. Негізгі бағыттар бойынша мұнай тасымалының біршама төмендеуі тарифтің қымбаттауымен өтелді.

Сарапшылар ақша айналымының айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Дегенмен Астрахань-Маңғышлақ су құбырын қайта құру және кеңейтуге кететін шығын жоғары болып тұр.

Айта кетейік, компания 2024 жылы 500 мың тонна Ресей мұнайын Өзбекстанға жеткізетінін жариялаған. Бұл жаңалық компания бағалы қағаздарына жағымды әсер етіп, бір акция бағасының өсу әлеуетін 13%-ға жектізді. Компания акциялары 980 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Сондықтан мамандар бұл акцияларды портфельде ұстай тұрған дұрыс екенін айтып отыр.

2023 жылдың мамырында «ҚазТрансОйл» компаниясы «Роснефть» компаниясымен Ресей Федерациясынан Қытайға жылына 10 миллион тонна мұнай тасымалдау туралы қосымша келісім жасасқаны хабарланған. Ал осы жылдың мамыр айының ортасында «ҚазТрансОйл» «Роснефть» компаниясымен Қазақстан арқылы Қытайға ресейлік мұнайды тасымалдауға қатысты қызмет көрсету бойынша қосымша келісім-шартқа қол қойды.

Жазда Ресей мен Қазақстан Қытайға мұнай тасымалдау жөніндегі келісімді 10 жылға созатыны хабарланған. ҚазТрансОйл 2024 жылдан Ресей мұнайын тасымалдау тарифін қымбаттатады.

Бұған дейін Freedom Broker сарапшылары Kcell акцияларын сатуға кеңес берген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз