Қазақстандық Easy Тap стартапы Қырғызстан нарығына шықты

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:shutterstock

Easy Тap стартапы Қырғызстанда бөлшек сауда және HoReCa салаларында сағаттап жұмыс істейтін жұмыскерлерді іздеу бойынша онлайн-сервисті іске қосылғанын хабарлайды. Бұл қосымшаға қазірдің өзінде Қырғызстаннан мыңнан астам адам тіркелген.

«Алдағы екі жылға арналған стартап стратегиясында Орталық Азия бойынша кеңею: Қазақстан мен Қырғызстанда сервисті дамыту тұр. Өзбек және тәжік нарығына да шығуды жоспарлап отырмыз. Біз нарықты сағаттық қызметкерлерді жалдаудың жаңа тәсіліне үйретуіміз керек. Өйткені жұмыс іздеушілерге қосымша жұмыс қажет екенін, ал серіктестерге персонал керек екенін көріп отырмыз»,– деп түсіндірді стартаптың негізін қалаушы Мағзұм Төлеш.

EasyTap стартапы туралы

Easytap сервисі бөлшек сауда бизнесіне және HoReCa-ға ең қауырт уақытта сағаттық желілік қызметкерлерді табуға көмектесіп, жұмысшылар тапшылығы мәселесін шешеді.

Екі жыл ішінде EasyTap бизнес-моделі өзінің тиімділігін дәлелдеді: Қазақстанның 15 қаласында 150 мыңнан астам адам күн сайын қосымша жұмыс іздеу үшін платформаны пайдаланады. Қосымшаға 70-тен астам жаһандық және қазақстандық компаниялар қосылған. Олардың ішінде: Small супермаркеттер желісі, интернет-дүкен Flip.kz, Magnum Go және Arbuz өнімдерін жеткізу қызметтері, KFC, Hardees, Food Solutions мейрамханалары, Inditex, Waikiki, Kari, Adidas, Reebok, Qazaq Republic киім дүкендері және т.б бар.

The Financial Times зерттеуіне сәйкес, 2050 жылға қарай еңбекке қабілетті халықтың 83%-ы гиг-экономика саласында жұмыс істейтін болады. Яғни штатта емес, тек қойылған міндеттерді белгіленген мерзімде шешу қажет нақты жобаларда жұмыс істейді деген сөз. Осы болжамды ескере отырып, EasyTap қазір бұл модельді бөлшек сауда, қонақүй және тамақтану секторында ілгерілетуге ұмтылып жатыр. Қазақстандық стартаптың Қырғызстан нарығына шығуы бизнесті жаһандық масштабтау жөніндегі стратегияны іске асырудағы алғашқы қадамы болды.

​EasyTap 2021 жылдың 24 қарашасында құрылды. 2022 жылдың мамыр айында сервистің негізін қалаушылар Мағзұм Төлеш және Темірлан Қабылбеков жобаға 270 мың доллар жеке инвестицияны тартты. Сонымен қатар, сол жылдың қазан айында SEO Freedom Holding Corp. Тимур Турлов онлайн-сервистің үлесін сатып алды.

Мағзұм Төлештің айтуынша, кәсіпкердің акционерлер құрамына кіруі – бұл компанияның тез өсуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол Турловпен StartUp Bolashak байқауында кездескенін, онда компанияға инвестиция салуды ұсынғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз