Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады

Жарияланды (жаңартылды )

Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

«11 желтоқсаннан бастап Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрағы минутына төленеді. Бұл ауданда 27 аймақ, 6504 тұрақ орны жұмыс істей бастайды, оның ішінде 454 мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған.

Ақылы тротуар тұрағының жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін. Бір сағаттың құны 100 теңге», – делінген хабарламада.

Тұрақ орны үшін алдын ала төлеуді мынадай тәсілдермен жүргізу қажет:

– «парковки Алматы» мобильдік қосымшасы арқылы;

almaty-parking.kz сайтында;

Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы ақпараттық тақталардағы QR-код бойынша;

– kassa 24 терминалы;

– Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel абоненттерінің 1309 нөмірі бойынша SMS хабарлама жіберіп, тақтада көрсетілген тұрақ нөмірін * авто нөмірі * сағат санын көрсету арқылы ұялы шоттың теңгерімінен тұрақ ақысын төлеуге мүмкіндігі бар.

Екінші деңгейлі банктер арқылы QR-төлемді ықпалдастыру арқылы төлем тәсілдерін арттыру мүмкіндіктерін белсенді түрде әзірленуде.

Сондай-ақ оқыңыз