Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бағалары бекітілді

Жарияланды
заңды тұлғаларды
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу құны өзгерді /Фото: kursiv.media

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ іске асыратын, коммерциялық ұйым саналатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітті. Тиісті жоба «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды.

«Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ іске асыратын, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін», – делінген құжатта.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу – шағын, орта бизнес үшін тегін болса, ірі бизнес үшін ақылы. Сонымен бірге ірі бизнестің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу барлық субъекті үшін ақылы. Егер «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисі арқылы тіркейтін болса, 9 885,38 теңгеге тіркей алады. Ал егер бұл қызмет электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін болса 9 699,17 теңге болады.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу – барлық субъектілер үшін ақылы. Оның құны 9 823,31 және 10 009,51 теңгені құрайды.

Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығару да Ірі бизнес пен оның барлық субъектілері мен филиалдары үшін ақылы. Ал шағын жін орта бизнес үшін тегін. Ол қызметтің фронт-офистегі құны – 9 736,41 теңге болса, электрондық үкімет порталындағы құны – 9 637,10 теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз