Еліміздің бас шыршасы қашан жағылатыны белгілі болды

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: Астана әкімдігі

Астанада 17 желтоқсан күні сағат 20:00-де EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында бас шырша жағылады. Бұл туралы Елорда әкімдігі хабарлады.

«Шыршаны жағу рәсімінен кейін, елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылады. Шырша жеңіл сәндік ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндаларымен және т.б. безендіріледі», делінген хабарламада.

Шыршаның биіктігі 25 метрді құрайды.

Айта кетейік, Алматыда бас шыршаны жағу рәсімі қашан болатыны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз