Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік туралы Заңға қол қойды. Ол не туралы?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік туралы Заңға қол қойды. Құжат Қазақстанның төрт кодексіне және он Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Атап айтқанда, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салынады.
Бұл қандай заң. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен заң дербес деректерді қорғауды күшейтуге және цифрлық майнинг жөніндегі қызметті реттеудегі құқықтық олқылықты жоюға бағытталған.
Заң қандай түзетулер енгізеді:
Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салу.
Көшіп келушілерге ұлттық мүдделерді қорғау және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсыну міндеті енгізіледі;
Ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс қимыл бағдарламасын құру арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тетіктері енгізілуде;
Цифрлық майнинг жөніндегі қызметке лицензияның қолданылуын айыру, тоқтата тұру, қайта бастау рәсімі айқындалады;
Алаяқтық әрекеттерден қорғау мақсатында адамдарға электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығы беріледі.