Биыл «Алтын сапа» байқауына қатысуға екі жүзден астам компания ниет білдірген
Елордада «Алтын сапа» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге сапа саласындағы президенттің жыл сайынғы «Алтын сапа» сыйлығын табыстайды.
Сапа саласындағы сыйлық: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша беріледі.
Әр аталым бойынша шағын, орта және ірі бизнес субъектілеріне құрмет көрсетіледі. Бұған қоса «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» аталымдары бойынша арнайы сыйлық тағайындалады. Сонымен қатар марапаттау салтанатында Qazaqstan Project Management Awards-2023, «Іскер», «Қазақстанның үздік тауары», «Ұлы дала елі», «Іскерлік кемелдік», «Парыз» және «ASMAR» бизнесте тану» сыйлықтары табысталады.
Салтанатты шарада 14 жеңімпаз байқаудың лауреат атанады.
«Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарына байқаудың келесі кезеңі ТМД-ның өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы байқауына қатысуын ынталандыру үшін 450 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы тағайындалады.
Биыл «Алтын сапа» байқауына 221 компания өтінім берді.