Энергетика министрлігі 2023 жылдың соңына дейін сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын жаңа бұйрықпен бекітпек
Фото: Энергетика министрлігі
Энергетика министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау ережесіне өзгерістер енгізілді.
Осы мақсатта Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгеріс енгізілмек.
Министрлік Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау Ережесіне өзгерістер енгізу арқылы сұйытылған мұнай газына шекті бөлшек сауда бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағалары белгілеу әдістемесін әзірледі.
Осы ережелер негізінде министрлік 2023 жылғы желтоқсан айының соңына дейін сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын жаңа бұйрық шығарып бекітуді жоспарлап отыр.
Енгізілген өзгерістер сұйытылған мұнай газына қатысты қазіргі бағаның өсуін білдірмейді.
Жаңа бұйрық 2023 жылдың 22 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
Еске сала кетер болсақ, «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрлігі жыл сайын 1 шілдеден бастап өндіруші зауыттар үшін сұйытылған мұнай газының көтерме сауда бағасын белгілеген.