15 млрд еуро: Еурокомиссия тыйым салынған Ресей активтерінен түскен пайдаға Украинаға көмек көрсетпекші

Жарияланды
Ресейдің бұғатталған активтерінен

Ресейдің бұғатталған активтерінен жылына 3 млрд еуро жиналады / Фото: kursiv.media

Еурокомиссия Еуроодақта Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен пайдадан 15 млрд доллар жинап, Украинаға көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл жайлы Financial Times басылымы хабарлады.

«Сейсенбі күні Брюссель үнемдеу мақсатында Ресейдің ЕО-дағы тыйым салынған активтерінен түскен пайдаға Украинаға 15 млрд еуроға көмек көрсетуді ұсынады»,–деп жазады басылым.

Ұсынысқа сәйкес, бұл қаражат Ресейдің Орталық банкінің активтерінен түсетін кірістерден ғана алынады. Басылым дереккөзінің хабарлауынша, Еурокомиссия бастапқыда бұғатталған активтерден түскен пайданы бөлек шоттарда орналастыруды ұсынуы мүмкін. Содан кейін бұл қаражат ЕО-ның жалпы бюджетіне аударылады.

Комиссия есебінше, мұндай шоттарға жылына 3 миллиард еуроға дейін қаражат жиналуы мүмкін. Осылайша, 2023-2027 жылдар аралығында 15 млрд еуроға дейін қаражат әкелуі мүмкін.

Financial Times-тің хабарлауынша, ақша Киевке аударылмас бұрын ЕО жоспарды, сондай-ақ оны жүзеге асырудың әрі қарайғы қадамдарын бірауыздан қолдауы қажет.

Еске сала кетсек, қазан айында G7 мәлімдеме жасап, Ресей Украинаға өтемақыны толық төлемейінше, Батыстағы резервтерін ала алмайтынын хабарлады.

Қыркүйекте АҚШ бұғатталған Ресей активтерінің құны 280 млрд долларға жеткенін хабарлады. Қазір Ресей активтерінің дені Еуропалық Одақ (ЕО) тұзағына түсіп, тым-тырыс жатыр. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің Ресей элиталары, сенімді адамдар мен олигархтар (REPO) бойынша жұмыс жүргізетін топ хабарлады.

АҚШ Сенаты 2022 жылдың желтоқсанында ресейлік кәсіпкерлерден тәркіленген активтерді кәдеге жарату жағын қарастырды. «Тоң болған активтерді» Украинаға қарай бағыттап, гуманитарлық және әскери көмек есебінде жіберуге болатынын мақұлдаған болатын. Сол кезде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ресейлік кәсіпкерлерден тәркіленген Украина ардагерлерін қолдауға жұмсалатынын айтты. Оның көлемі 5,4 млн долларды құрады.

Сондай-ақ оқыңыз