Зейнетақы жинақтары еліміз үшін маңызды жобаларға инвестицияланады-Қаржы министрі

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:shutterstock

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары еліміз үшін маңызды жобаларға инвестиция ретінде бағытталады деп мәлімдеді.

Ол бұл туралы тілшілердің зейнетақы жинақтарына байланысты қойған сауалдарына жауап бере отырып айтты.

«Біріншіден, зейнетақы жинақтары жұмсалмайды, олар тек инвестицияланады. Бұл инвестициялардың 30 пайызы шетелге салынады. Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін еліміз үшін маңызды жобаларды қаржыландыруға бағыттауды жоспарлап отырмыз. Бұл экономиканы дамытуға үлкен үлес қосады. Яғни бұл жобалардың арқасында жаңа жұмыс орындары құрылады. Зейнетақы жинақтарын инвестицияға салу міндетті түрде өтеледі деп ойлаймыз. Тіпті өтелмеген жағдайда, мемлекет бюджеттен зейнетақы жинақатарын қайтаруға кепілдік береді. Сондықтан бұл қаражатты қатты уайымдаудың қажеті жоқ. Тағы да қайталап кетейін, бұл экономиканы дамытуға бағытталған үлкен жоба», – деді Қаржы министрі.

Айта кетейік, ағымдағы жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке түскен кірістердің сомасы 18,2 трлн теңгені құрады немесе жоспар 98,6%-ға орындалды.

Сондай-ақ 6 желтоқсанда 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заң бекітілді. Соған сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 9 пайызға көтеріледі.

Сондай-ақ оқыңыз