Алматыда «қарбалас уақытта» көшелердің қары неге тазаланбайды – қала әкімдігі жауап берді

Жарияланды
қар
Көшелердің қары неге тазаланбайды / Коллаж: kursiv.media

Алматы қаласы әкімдігінің дерегінше 12 желтоқсан күнгі жағдай бойынша қала мен таулы аймақта қалыңдығы 22-24 см қар жауған. Бұл жалпы айлық норманың 28 %-ы екен. Осыған байланысты қала әкімдігі көшелердегі қар тазалау процесіне қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын әзірлепті.

Ең маңызды уақыт. Адамдар жұмысқа баратын және қайтатын қарбалас уақытта жолды басқа көліктерге босатып беру үшін қар тазаланбайтыны айтылыпты.

«Көше-жол желісін сыпырудағы технологиялық үзіліс «қарбалас уақытта» жүктемені азайту қажеттілігіне байланысты, өйткені коммуналдық техника қала тұрғындарының таңертеңгі және кешкі жол жүру сағаттарындағы қозғалыс трафигін едәуір шектейді», делінген хабарламада.

Жол жиегінде жиналған қардың да өз себебі бер екен, әкімшілік дерегінше. Қар жауа бастағаннан-ақ, жолдар көктайғаққа айналып кетпеуі үшін көлік жүретін тұсы мұздануға қарсы материалдармен өңделеді. Соның нәтижесінде жол үстіндегі қар жолға жабыспай, борпылдақ болып жататындықтан, оны күреп әкетуге де оңай көрінеді.

Айта кету керек, көктайғаққа қарсы материал техникалық тұз бен құм қоспасы. «Скрининг-бұл қиыршық тастың ұсақ фракциясы, ол – инертті материал, яғни химиялық белсенді емес», сондықтан адам денсаулығына да зиянды емес, деп түсіндіреді әкімшілік.

«Жолға себілген реагенттер токсиндерді шығармайды олар тек мұзды кетіреді және қыста жарақат алу қаупін азайтады», делінген хабарламада,

Қандай көшелер бірінші тазаланады? Көлік ең көп жүретін және жаяу жүргіншілер легі мол жолдар мен магистральдарға басымдық беріледі екен.

«Сондай-ақ қоғамдық көліктің өтетін маршруттарының және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің болуы ескеріледі», делінген хабарламада.

Еске саламыз, 12 желтоқсан күні «Қазгидромет» РМК Алматыда дауылды ескерту жариялады. Осыған орай Алматы қаласы ТЖД алматылықтарды тауға шықпауға шақырды. Ал, 13-14 желтоқсан күндері қала мектептерінде 0-9 сынып аралығындағы оқушылар үшін сабақ онлайн форматқа көшірілді.

Сондай-ақ оқыңыз