«Жеке әл-ауқат» деңгейі бойынша Қазақстан мен Ресей арасында үш есе алшақтық бар
«Жеке әл-ауқат» деңгейі бойынша қазақстандықтар ресейліктерден үш есе табысты болса, қытайлықтардан біршама артта қалған. Credit Suisse және UBS банктерінің бірлескен есебінің деректері негізінде Landgeist зерттеу орталығы осындай тұжырымға келген.
Орталық «Жеке әл-ауқат» деп елдегі жалпы қаржылық және жылжымайтын мүліктің адам басына шаққандағы мөлшерін есептеген. Зерттеуде бұл қаржы мен мүліктің қанша бөлігі байларға, қанша бөлігі кедей азаматтарға тиесілі екені жазылмаған. Тек ел азаматтарына тиесілі байлықты орташа есеппен бөліп шыққан.
Зерттеуге сүйенсек, Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасында үш есе алшақтық бар. Яғни бір қазақстандыққа шаққанда 25 225 доллар болса, ресейлікке шаққанда бар болғаны 8 595 доллар болған. Азия елдері қатарынан Қытай көш бастап тұр, адам басына шаққанда 27 273 доллар.
Айта кету керек, Қазақстанда айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (кедейлік шегі) қазақстандықтардың саны көпжылдық рекордты жаңартты. 2023 жылдың ІІІ тосанында бұл көрсеткіш екінші тоқсанмен салыстырғанда біршама өскен. Бұл көрсеткіш 2011 жылдан бергі антирекорд болып отыр.