Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз: Тоқаев Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
акорда
Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады / shutterstock

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

«Құрметті отандастар! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың мызғымас бірлігін айшықтайтын ұлық мейрам. Тәуелсіздік күні еліміздің азаттығын және жаңа тарихи кезеңде дербес даму жолына түскенін әйгілейді. Біз осы мерейлі мерекеде халқымыздың бостандық туралы арманын ақиқатқа айналдыруға өлшеусіз үлес қосқан ерлердің рухына тағзым етеміз», – делінген құттықтауда.

Ол өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ғана дипломатиялық тұрғыдан мойындалып, халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде таныла бастағанын айта кетті.

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Оны табысты әрі бақуатты мемлекеттің тірегі саналатын қастерлі құндылық ретінде көздің қарашығындай сақтау – ата-бабаларымыздың және келер ұрпақтың алдындағы қасиетті борышымыз», – деді президент.

Ол құттықтауында қазір «Әділетті Қазақстан» қоғамын құрылып жатқанын айтып өтті. 

«Қоғамда бірлік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, жауапкершілік пен ынтымақ, білімпаздық пен еңбекқорлық сияқты құндылықтар берік орнықса, осы мақсатқа қол жеткізетініміз анық», – делінген құттықтауда.

Қазақстан халқы желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне 3 күн – 16, 17 және 18-і күндері демалады. Өйткені мереке күні 16-сы сенбіге сәйкес келеді. Жылдың соңы, яғни желтоқсанның 30-31 күндері сенбі-жексенбіге тура келеді. Желтоқсан айында барлығы 11 демалыс күні бар.

Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.

Сондай-ақ оқыңыз