Қазақстан ағылшын тілін білу рейтингінде көш соңында қалды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстан ағылшын тілін білу рейтингінде көш соңында қалды / коллаж kursiv.media

Қазақстан ағылшын тілін білу деңгейі бойынша 113 елдің арасынан 104-орында қалды. EF Education First ағылшын тілін оқыту компаниясы 2,2 миллион ересек адамды тестілеуден кейін осы рейтингті жасап шыққан.

Рейтинг бес топқа бөлінеді: «Өте жоғары деңгей», «Жоғары деңгей», «Жеткілікті», «Төмен» және «Тым төмен деңгей». Қазақстан Бенин және Самоли елдерімен қатар келіп, «Өте төмен деңгейді» көрсеткен. 

Алғашқы үштікке: Нидерланд, Сингапур және Австрия енген. Соңғы орында Конго Демократиялы Республикасы тұр. Көрші елдерден: Ресей – 41, Украина – 45, Қырғызстан – 90, Өзбекстан – 93 орында тұр.

Осыған дейін өмір сүру деңгейіне қатысты рейтингте Қазақстан 140 елдің ішінде 91-орында тұрған. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең қымбат елдердің бірі. Ол Армениядан кейін екінші орында тұр. Ал Беларусь 98-ші, Молдова 101-ші, Ресей 110-ші, Қырғызстан 111-ші, Украина 114-ші, Әзірбайжан 119-шы, Өзбекстан 125-ші орында. Алдыңғы орындарды Бермуд аралдары, Кайман аралдары және Сингапур алса, Пәкістан рейтингтің ең соңында.

Our World in Data сарапшылары жүргізген бақыт пен өмірге қанағаттану рейтингінде Қазақстан 165 елдің арасында 49 орынға тұрақтаған. Тұрғындары ең бақытты елдер Еуропада. Үздік бестікке Финляндия, Дания, Исландия, Нидерланд және бір таяу шығыс мемлекеті — Израиль кірген.

Сондай-ақ оқыңыз