Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста 16 жол учаскесі жабылды – “ҚазАвтоЖол”

Жарияланды
"ҚазАвтоЖол"

«ҚазАвтоЖол» еліміздегі кейбір автожолдарда қозғалыс шектелгенін хабарлады / Фото: kursiv.media

Ауа райының қолайсыздығына  байланысты Қазақстанның 7 облысында  республикалық маңызы бар автожолдардың 16 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл жайлы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысында – 3 учаске:  «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» учаскесінің  232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Сұрған кенті. «Жезқазған-Петропавл» 536-569 км, Бұзылық – Знаменка кенттерінің арасы.  «Жақсы-Есіл-Бұзылық» 64-82 км, Есіл-Бұзылық кенттерінің арасы.

Ақтөбе облысында – 1 учаске:  «Самара-Шымкент» 965-1240 км, Қарабұтақ – Қызылорда облысының шекарасы. 

Алматы облысында – 3 учаске:  «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» автожолының 44-109 км, Төре – Лавар ауылдарының арасы.  «Алматы-Шелек-Қорғас» 24-254 км,  ақы алу пункті  мен Жетісу облысының шекарасы. Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 102-143 шақырымы мен Дегерес ауылы мен – Жамбыл облысының шекарасы. 

Жамбыл облысында – 2 учаске:  «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен – Қайнар ауылының арасы. «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 143-214 шақырымы мен  Алматы облысы шекарысы мен Қордай ауылының арасы. қолданылады

Жетісу облысында – 2 учаске:  «Үшарал-Достық» тасжолының  84-184 км, Көктұма – Достық станциясының арасы. «Сарыөзек-Көктал» автожолының 45-68 км, Алтын Емел асуы.

Қостанай облысында – 2 учаске:  «Екатеринбург-Алматы» 487-539 км, Федоровка кенті мен Қостанай қаласының арасы.  «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 7-218 км, Тобыл қ. – Октябрь а.- 211 км; 

Қызылорда облысында – 1 учаске жабылған. «Самара-Шымкент» атожолының 1240-1563 км,  Ақтөбе облысының шекарасы мен Төретам ауылының арасы.

Шектек барлық көліктерге қатысты.

Еске сала кетсек, 16 желтоқсанда Ауа райының нашарлауына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» бағытындағы жол учаскелері жабылды.

Ал 15 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысында 11 жолаушылар пойызы жолда қалды. Осыған орай Жамбыл облысында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жарияланды. Өңір әкімдігі қарлы боран салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, желі тіректерінің құлағананын хабарлады. Төтенше жағдай салдарынан 11 жолаушылар пойызымен бірге 12 жүк пойызы өз уақытынан кешіккен.

Сондай-ақ оқыңыз