Су ресурстары министрі өз саласында маман тапшылығы жоқ деп сендірді

Жарияланды
маман тапшылығы
Су шаруашылығында кадр тапшылығы жоқ / архив kursiv.media

Сенат кулуарында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су шаруашылығында маман тапшылығы жоқ деп мәлімдеді. Су шаруашылығында 70 мыңна аса адам қызмет етеді. Тек осы салада мамандарының жалақысын көтеру қажет.

«Қазіргі кезде елімізде су шаруашылығы мамандарын 9 ЖОО даярлайды. Грант бөлініп, студенттер су ресурсы бойынша мамандық алып шығады. «Қазсушар» мекемелерінде қазіргі кезде 70 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Ашық вакансиялардың қатары 10 пайыздан аспайды. Сондықтан салада маман тапшы деп айта алмаймыз», -деді министр.

Дегенмен салаға жаңа мамандарды тарту мәсәселесі өзекті болып тұр.

«Қазіргі кезде осы салада жұмыс істеп жүрген мамандардың айлық жалақысын көтеру мәселесін шешуіміз керек. Түрлі әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылуы тиіс. Сондықтан маман даярлау бағытында Ғылым және жоғарғы білім минитстрлігімен бірлесіп су шаруашылығына маман даярлау бағдарламасын қайта қарастырып жатырмыз. Гидротехник-инженер мамандарын даярлауға басымдық бермекпіз», деді

2024 жылдан кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мен қайта даярлау мәселесіне мән берілмек.

Қыркүйекте жаңа Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған болатын. Жаңа министрлікті басқару Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовке тапсырылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз