«Қазақмыс» долларлық миллиардердің банктік бизнесі үшін қанша төлейді?

Жарияланды
Қаржы редакторы
Күндізгі жаңалықтар редакторы
коллаж Илья Ким

«Қазақмыс Корпорациясы» серіктестігі (70% үлеспен бақылаушы – Владимир Ким, кіші серіктес 30% үлеспен Эдуард Огай) Bank RBK-ны қалпына келтіру бойынша мәміледе басты рөлдердің бірін атқарды.

Bank RBK-ны «құтқару»

Тап осы «Қазақмыс» ДСФК компаниясының бастапқы құрылтайшысы болды. «Қазақмыс» есебінде ДСФК негізгі бенефициарына «тек қайта сату мақсатында құрылғаны» жазылған. 2018 жылдың жазында ДСФК шынымен де Кимге сатылды.

Bank RBK-ті (үкімет, Ұлттық банк, Ұлттық әл-ауқат қоры, ҰБХ және жеке инвесторлардың қатысуымен) құтқару жөніндегі көпжақты келісім аясында Ким банкті 160 млрд теңгеге қайта капиталдандыруға міндеттеме алды. Ол үшін «Қазақмыс» 2017 жылдың қараша айында «KIX.kz» ЖШС-ні 350 мың теңгеге сатып алып, оның атын «КСС Финанс» деп өзгертіп, оған қажетті 160 млрд теңгені құйған. Тоғыз күн өткеннен кейін, «КСС Финанс»  компаниясы (бүгінде оған Bank RBK акцияларының 90%-ы тиесілі) Кимге сол 160 миллиардқа қайта сатылды. Бірақ төлем мерзімі 2025 жылдың соңына дейін ұзартылды. Осы мәміле жасалған күнге (2017 жылдың 15 қарашасы) «КСС Финанстың» таза активтері 68 млрд теңге және 92 млрд «Қазақмыстан» алынған дебиторлық берешектен тұрды. «Қазақмыс» компаниясы «КСС Финанстың» Кимге сатылуын қатысушыға пайызсыз несие беру сияқты көрсетті. Нәтижесінде Ким «Қазақмыс» компаниясына 92 млрд теңге қарыз болды.

Ким алған кредиттер тарихы

Осы оқиғадан сәл ертерек, 2017 жылдың қазан айында «Қазақмыс» Халық банкте 300 млн долларға (шамамен 100 млрд теңге) «айналым қаражатын толықтыруға арналған» кредиттік желіні ашып, оны жыл соңына дейін толығымен пайдаланған. Компания кепіл ретінде Халық банктің шотына өз  ақшасын және KAZ Minerals-тың 60 млн акциясын қойды. Компанияның алған несиелері бойынша борыштық жүктемесі 2017 жылдың басындағы 4 млрд теңгеден жыл соңында 163 миллиардқа жетті.

2018 жылы Ким «Қазақмыс» компаниясы алдындағы қарызының 32 млрд теңгесін өтеп, қалған қарызын 69 миллиардқа дейін қысқартты. Кейінгі үш жылда «кейінге қалдыруды ұсынуға байланысты» деген желеумен бұл несие бойынша төлем жасалған жоқ. Есесіне 2021 жылдың қарашасында Ким «Қазақмыстан» тағы бір несие алды. Бұл жолғы қарыз сомасы 217 млрд теңге болды, өтеу мерзімі үш жыл. Есеп-қисапта қарызды алу мақсаты көрсетілмеген. Осылайша, Кимнің «Қазақмыстан» алған қарызының жалпы сомасы 266 млрд теңгеге жетті.

2021 жылдың мамыр айында Владимир Ким Ғалымжан Есеновтен «Қазфосфат» компаниясын сатып алды. Кимнің бұл мәміледегі кіші серіктестері Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары болды. Оларда ірі тыңайтқыш өндіруші компанияның 20 пайыздық үлесі бар. Ким 80% бақылау пакетіне ие болды. Мәміленің шарттары жарияланған жоқ. Бірақ «KAZ Chemicals» ЖШС-нің («Қазфосфатты» сатып алған заңды тұлға) аудиторлық мәлімдемесінде Есеновпен есеп айырысу үшін сатып алушы Халық банкінен 7 жылға 445 млн доллар кредит алғаны айтылған.  Алынған кредиттің жылдық мөлшерлемесі 4,6%. Бұл мәміле де «Қазақмыстың» қатысуынсыз өткен жоқ. «Қазақмыс» еншілес KAZ Chemicals компаниясы алған несиені толық қамтамасыз етуге кепілдік берді.

2022 жылдың ақпан айында «қарыз алушының міндеттемелерін тиісінше орындауды қамтамасыз ету үшін» «Қазақмыс» тобы (кімнің бастамасымен екені белгісіз) Кимнен өзінің түпкілікті бас ұйымы «Kazakhmys Holding Limited» компаниясының (АХҚО-да тіркелген) дауыс беретін акцияларының 14,6%-ын кепілдік ретінде алды.

Тап осы жылдың, яғни 2022 жылдың мамыр айында, Кимнің 2021 жылдың қарашасында алынған 217 млрд теңге кредиті бойынша міндеттемелері бас компания KSS B.V.-ге (Нидерландыда тіркелген) берілді. Алынған кредиттің  валютасы ұлттық валютадан америкалық валютаға ауыстырылды. Осының нәтижесінде қарыз сомасы және жинақталған сыйақы 527 млн долларды (229 млрд теңгеге тең) құрады. Кредиттің теңгелік мөлшерлемесі жылдық 9,75%-дан (нарықтық мөлшерлеме 17%) доллармен есептегенде жылдық 4,15%-ға өзгертілді. Кредитті қайтару мерзімі өзгеріссіз қалды, алайда оны алу мақсаты сол қалпы айтылмай қалды.

2022 жылдың желтоқсанында Кимнің Bank RBK-ны қалыпқа келтіру үшін 2017 жылы алған 92 млрд теңге көлеміндегі ең бірінші кредиті  (жеке тұлға Владимир Кимнен заңды тұлға KSS B.V. ауысқан) де тап осылайша өзгерді. Қайта табыстау күні оның сомасы 258 млн доллар (121 млрд теңге тең) болды. Кредитті өтеу мерзімі өзгерген жоқ (2025 жылдын соңы), ал кредиттің жылдық мөлшерлемесі көрсетілмеген.

Жеке қарыз ауыртпалығынан құтылған Ким осы желтоқсан айында «Қазақмыстан» жаңа кредит алған.  Кредиттің сомасы – 12 млрд теңге, небәрі алты ай мерзімге, жылдық 16,75 пайызға алынған. Нәтижесінде, 2022 жылдың соңында KSS B.V.-тың  «Қазақмысқа» қарызы 42 млрд теңгеден 348 млрд теңгеге дейін өсті. Ал Кимнің жеке қарызы 266 млрд теңгеден 12 млрд теңгеге болды. Сонымен қатар, «Қазақмыстың» өзі алған кредиттері  бойынша борыштық жүктемесі 2021 жылдың соңындағы 210 млрд теңгеден 2022 жылдың аяғында 467 мдрд теңгеге жетті.

Сондай-ақ оқыңыз