Ресейдің Пригожин бүлігін басу үшін Тоқаевтан әскер кіргізуді сұрағаны рас па – Ақорданың баспасөз қызметі жауап берді

Жарияланды
Пригожин
Пригожин бүлігін басуға Ресейдің Тоқаевтан әскер сұрағанын Ақорда жоққа шығарды / Фото: Лев Бородин / ТАСС және Shutterstock

Ресей тарапы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Вагнер басшысы Евегний Пригожиннің бүлігін тоқтату мүмкін болмаса, Ресейге әскер кіргізуін сұраған. Алайда Тоқаев бас тартқан. Бұл жайлы The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап, Meduza басылымы жазған.

Басылымның хабарлауынша Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев 23 маусымда Евегний Пригожин мемлекеттік төңкеріс жасамақ болып, бүлік жасаған сәтте ең жаман сценарийдің алдын алу мақсатында Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарласқан.

«Патрушев Александр Лукашенко мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа да телефон соқты. Ол қақтығысты шешу үшін делдалдарды іздеді. Ресей әскері Пригожиннің жалдамалыларын ұстай алмаған жағдайда, Қазақстан өз әскерін жібереді деп сенген. 2022 жылдың қаңтарында ҰҚШҰ күштерін Қазақстанға кіргізгені үшін осындай жауап қайтарылады деп болжаған. Алайда, Тоқаев бас тартты»,- деп жазады WSJ дереккөздері.

Басылым Патрушевтің Тоқаевқа қоңырау шалу арқылы ең нашар сценарийдің алдын алуға тырысқанын жазған.

Алайда Ақорданың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды»,- деп мәлімдеді президенттің баспасөз қызметі.

Пригожин бүлігі

Еске сала кетсек, «Вагнер» жалдамалы әскері 23 маусымнан 24-не қараған түні Ресейге қарсы шабуылдап, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды. Бұл бүлікті жасақ басшысы Евегний Пригожин бастаған. Жағдай 23 маусым күні ушықты. Пригожин Ресей Қорғаныс министрлігін өзінің жалдамалы әскерінің «арттағы лагерлеріне» зымырандық шабуыл жасады деп айыптады. Осыдан кейін «Вагнер» жетекшісі кек қайтаратынын мәлімдеді. Пригожин шекараны кесіп өтіп, Дондағы Ростовқа кірді. Артынша Мәкеуге бет алды. Бұл жағдайға байланысты Ресейдің Украинамен шекаралас қалаларына әскер тартыла бастады. 

Өз кезегінде Ресей президенті халыққа үндеу жариялап, елдегі бірлікті ыдыратуға бағытталған әрекеттерді діннен безу деп бағалады. Ал Пригожинді елді анархияға, аласапыранға итермелеп жатқанын, соңында жеңілетінін айтқан.

Кейін «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин Мәскеуге шабуылдау ниетінен бас тартты.

Ресей әскері бір күндік қақтығыста Ил-22ВзПУ ұшағын (әуе басқару бекеті), үш Ми-8 электронды соғыс тікұшағын, Ми-35 тікұшағын, Ка-52 тікұшағын, «Тигр» жауынгерлік көлігін және әскери КамАЗ көлігін жоғалтты. 

Ал осы жылдың 23 тамызында Пригожиннің жеке ұшағының апатқа ұшырағаны туралы ақпарат тарады. «Вагнер» басшысының ұшағы Әуеге көтерілген соң шамамен жарты сағат уақыттан кейін құлаған. Flightradar24 мәліметіше, Пригожиннің Embraer Legacy 600 ұшағы Мәскеу уақытымен 17:46-да әуеге көтерілген. Ал 18 сағат 19 минутта күрт құлдилай бастаған.

Пригожинмен бірге бортта оның қоластындағы қызметкерлері, «Вагнер» әскери құрылымының басшылары да болған. Олар – Дмитрий Уткин, Валерий Чекалов, Сергей Пропустин, Александр Тотмин және Евгений Макарян. 

Сондай-ақ оқыңыз