Аустралия, Түркия, Британия компаниялары Қазақстанда пайдалы қазбаларға барлау жүргізуге ниетті

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Аустралия, Түркия, Британия компаниялары Қазақстанда барлау жұмысын жүргізуге ниетті / shutterstock

АҚШ, Түркия мен Британияның ірі өнеркәсіп компаниялары Қазақстанда барлау жұмыстарын жүргізуге арналған аукционға қатысуға ниет білдірген. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.

2023 жылы 20 желтоқсанда e-qazyna.kz платформасында ел аумағында 45 жер қойнауы учаскесінде пайдалы қазбаларды барлау құқығын алуға  электрондық аукцион өткен.

Аукционға Аустралия, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия және Қазақстан өнеркәсіп компаниялары қызығушылық танытқан.  Атап айтсақ, аустралиялық-британдық Rio Tinto Group концерні, аустралиялық темір рудасын өндіруші Fortescue Metals Group компаниясы, Eczacibasi Holding түрік компаниясы, қазақстандық «Қазақмыс» корпорациясы және т.б.

Аукционда 2,5 млрд теңгеге жуық келісім бонусы түскен. Министрлік шетелдік ірі компаниялардың аукционға қатысуы аймақтағы барлау құқығы үшін бәсекелестікті арттырады.

1 тамызға жоспарланған пайдалы қазбаларды барлауға құқық беруге арналған сауда-саттық жабық өткен еді. «Ақпараттық-есептеу орталығы» пайдалы қазбалар бойынша онлайн аукцион өткізетін жеке функционал жасап шығарды. НҚА жасап шығару үшін Индустрия министрлігі осы процедурларға бес жыл жұмсады.

Бұған дейін, ИИДМ баспасөз қызметі елімізде қатты пайдалы қазбаларды игеруге арналған алғашқы электронды аукцион тамызда өткізілетінін хабарлаған болатын. 

Осы уақытқа дейін мемлекет ҚПҚ кен орындарын игеруге құқық беретін дәстүрлі аукциондарды өткізіп келген. Енді тамыздан бастап сауда форматы онлайн режімде қолға алынып, аукцион әлемнің кез келген жерінен қол жетімді болады.

«Аукционға қатысушылар бір-бірін көрмейді. Бұл өз кезегінде қандай да бір уағдаластықтың алдын алып, қатысушылар арасындағы бәсекелестікті арттырады. Нәтижесінде, мемлекеттік қазынаны толықтыру үшін неғұрлым тиімді ұсыныстарға жол ашылады», деп хабарлаған еді министрліктің баспасөз қызметі.

1-ші тамызда E-Qazyna.kz платформасында қатты пайдалы қазбаларды (ҚПҚ) барлауға құқық беретін еліміздегі алғашқы электронды аукцион ұйымдастырылады. Осыған дейін пайдалы қазбалар бойынша мұндай форматта аукцион өткізілмеген.

Сондай-ақ оқыңыз