Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтардың белсенділігі туралы ескертеді

Жарияланды
Фото:shutterstocks

Қазақстан Ұлттық Банкі өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп жүрген алаяқ топтардың белсенді әрекетке көшкенін хабарлайды.

«Алаяқтықпен айналысатын топтар өздерін инвестициялық компаниялар ретінде таныстырып, танымал мессенджерлерде арнайы құрылған профильдерге сілтеме жасай отырып, әлеуметтік желілерде жарнаманы белсенді қолданады. Онда азаматтарды ақша қаражатын салуға шақырып, инвестициядан қомақты қаржылық пайда табуға уәде береді»-делінген хабарламада.

Алаяқтар жалған лицензиялар мен басқа да құқық белгілейтін құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкі атынан берілгенді көрсететін жалған құжаттарды жариялайды.

«Қаскөйлер азаматтарды биржалық алым үшін біржолғы төлем жасауға үгіттейді. Бұл ретте азаматтарды инвестициялық табыс алуға қазақстандық криптовалюта биржасы немесе өзге де қаржы институттары кепілдік береді деп сендіреді. Алайда, қаражатты аударымынан кейін алаяқтар байланысқа шығуды тоқтатады»-деді Ұлттық Банк баспасөз қызметінде.

Ұлттық Банкі алаяқтық әрекеттің айқын белгілері бар екенін назарда ұстау үшін бірнеше кеңес ұсынды:

Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейді;

Ұлттық Банк мемлекеттік қорлардан табыс табу үшін қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайды;

жарнамалық ресурстарда қысқа уақыт ішінде жоғары табысқа жалған кепіл беретін мәлімет қамтылады, бірақ байланыс ақпараты жазылмайды;

инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған.

Айта кетейік, Алаяқтар ҚР Премьер-Министрінің атынан жалған мәлімдеме таратуда деп хабарладық.

Банктердің киберқауіпсіздік деңгейі төмен, ал интернет алаяқтар ойларына келгенін істеп жатыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Геннадий Шиповских мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз