Қазақстандықтар мерзімі өткен микронесие шарттарын өзгерте алады – ҚНРДА қаулыны талқылауға шығарды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстандықтар мерзімі өткен микронесие шарттарын өзгерте алады/ kursiv.media

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микронесие беру және алу шарттарына өзгеріс енгізу туралы қаулы дайындады. Ашық НҚА жүйесінде жарияланған қаулыға сәйкес, микронесие алған қазақстандықтар несие шарттарын өзгертуге мүмкіндік алады.

ҚНРДА қаулысындағы өзгерістер:

  • қарыз алушының микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге, оның ішінде ақпараттандыру объектілері (мобильді қосымша, электрондық пошта және т. б.) арқылы өтініш беру мүмкіндігі;
  • қарыздың мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кейін қарыз алушының қарыз шарты талаптарын өзгертуге ұйымға өтініш беру мүмкіндігі;
  • қарыз алушының мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу талабын белгілемей өтініш беруі;
  • микронесие беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартудың бірыңғай нысанын бекіту;
  • Микроқаржы ұйымы ҚНРДА-ға тоқсан сайын қарыз алушылардан келіп түскен өтініштерді қарастыру нәтижесіне қатысты ақпарат беру. Қарыз алушыдан өтініш түскеннен кейін микроқаржы ұйымы 15 күн ішінде өтінішті қарап шығуы қажет.

Сондай-ақ, жарияланған қаулыда МҚҰ мен қарыз алушы арасындағы несие шартының талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге келе алмау, берешек жүйесін реттеуден бас тарту болады. Оған қоса, МҚҰ мен қарыз алушы 30 күн ішінде келісімге келе алмаса, МҚҰ берешек жүйесін реттеуден бас тартқан болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүйелік негізде банктер мен микроқаржы ұйымдарының проблемалық берешекті реттеу тәртібін қолдануларының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру жұмысын бастаған.

Қазан айында агенттік кредиттің ең жоғары сомасына заңнамалық деңгейде шектеу енгізуді ұсынды. Парламентте агенттік басшысы Мәдина Әбілқасымовахалықтың шамадан тыс кредит алуын азайту мәселесін көтерген. Агенттік төрағасы сонымен бірге қарыз алушылардың кредит қабілеттілігін тиісінше бағалауды қамтамасыз ету қажет деп санайды. Оның айтуынша қазіргі таңда тиісті кірісі жоқ азаматтарға кредит беру үрдісі негізгі проблемалардың бірі болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз