Биыл елімізде пәтер бағасы қалай өзгерді
2022 жылдың желтоқсанынан бастап 2023 жылдың желтоқсанына дейін қайталама нарықтағы орташа баға тұрақты болып қалуда. Баға тек 0.6%-ға төмендеді, деп хабарлады Krisha.kz сайты.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы қаңтардан наурызға дейін сәл қымбаттап, сәуірден тамыз аралығында арзандады. Күзде бағалар тоқтап қалды: айтарлықтай өсу де, құлдырау да болған жоқ. Қыста тұрғын үй нарығы бойынша тұрақтылық тенденциясы жалғасуда. Сондықтан желтоқсан айының қорытындысы бойынша 1 шаршы метрдің орташа баға 371 мың теңгені құрады.
Тұрғын үйдің қайталама нарығында бағаның өсу көшбасшылары –Ақтау (+10.2%), Алматы (+3.2%), Қызылорда (+1.8%), Атырау (+1.4%).
Бір айда қандай өзгерістер болды
Желтоқсан айы күзгі үрдісті жалғастырды. 11 елді мекенде бағалар 1.5% шегінде өсті, қалғандары аздап төмендеді немесе өзгеріссіз қалды.
Желтоқсандағы баға жағдайы:
«Астана, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Көкшетау, Талдықорған, Қызылорда- қарашаның ортасынан бастап өзгеріссіз тұрақты динамикада тұр. Бағаның өсуі- Алматы, Ақтау және Атырауда тіркелді. Ал желтоқсанның соңғы апталарында бағаның шамалы бірқалыпты өсуі Петропавл, Тараз және Қостанай қаласында көруге болады»-делінген хабарламада.