Ауруханаларды техникалық жарақтандыратын кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: Үкімет

Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚМА, БҚДА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.

Медициналық ұйымдарды жабдықтармен және техникамен жарақтандыру саласында жұмыс істейтін бұрын сенімгерлік басқаруға берілген кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды.

«Жүргізілген тексеру нәтижесінде қазіргі уақытта компания мақсатты пайдаланылмай отырғаны, оның қазіргі жұмысы құрылтай құжаттарында жазылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келмейтіні анықталды. Премьер-Министр кәсіпорынды Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қайтару процесін жеделдету қажеттігін атап өтті, өйткені бұл отандық медициналық мекемелерді жаңғырту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді», –делінген хабарламада.

Сонымен қатар отырыста Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының жылу көздерін газбен жабдықтау мәселелері, сондай-ақ сертификаттау бойынша қызмет көрсету нарығына монополияға қарсы тергеу жүргізу қорытындылары қаралды.

Сондай-ақ оқыңыз