2024 жылдан бастап 5-8 және 10-сынып оқушылары да қазақ тілінен емтихан тапсырады

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:dauletten.kz

Биылдан бастап 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Бұған дейін қазақ тілінен емтиханды 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлаған болатын.

Бұл өзгерістер 2023-2024 оқу жылынан бастап енгізілді. Жыл сайын мамыр айында балалардың қазақ тілінен білімі тексеріледі.

Емтихан жазбаша және ауызша өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу сияқты дағдылар бағаланады.

Емтихан тапсырмаларын мұғалімдер академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып өздері құрастырады. Қазақ тілі пәнінен қорытынды баға емтихан және жылдық бағалау нәтижесі бойынша қойылады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз