KEGOC компаниясының акциялары AIX Qazaq индексіне енді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Aix Qazaq

коллаж kursiv.media

KEGOC акциялары 4.75% үлеспен Aix Qazaq индексіне енеді. Индекс комитеті компанияны 2024 жылдың I тоқсанынан индекстің QI бөлігіне қосуға келісті. Бұл туралы хабарлама биржа сайтында орналастырылған.

2024 жылдың 3 қаңтарында AIX Qazaq индекс комитеті тоқсан сайынғы кезекті шолуға жиналған.

«Шолу нәтижесінде комитет AIX Qazaq индексінің QI құрамдас бөлігінің I тоқсанына «KEGOC»компаниясын қосуға келісті», – делінген AIX сайтында.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 29 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес құрамдас бөліктердің үлесінде:

  • Halyk Bank – 15.00%,
  • ҚазАтомөнеркәсіп – 15.00%,
  • Kaspi – 15.00%,
  • Polymetal –  15.00%,
  • KazMunayGas – 15.00%,
  • Қазақтелеком – 5.55%,
  • Kcell – 5.43%,
  • KEGOC – 4.75%,
  • KazTransOil – 3.85%,
  • Bank CenterCredit  – 2.83%,
  • Central Asia Metals – 2.58% құраған.

2023 жылдың 9 айында AIX биржасындағы сауда-саттық көлемі 83% өскен болатын.

2023 жылдың 9 айында АІХ биржасындағы сауда-саттық көлемі рекордтық $220 миллионға жеткен. 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі $120 миллионмен салыстырғанда өсім 83% пайызды құрайды. Жалпы былтыр сауда-саттық $172 миллион болған.

Қазіргі кезде AIX ресми тізіміне 94 эмитенттің 151 бағалы қағаздары кіреді. Биржа ашылған күннен бастап тартылған капитал көлемі шамамен $4 млрд құрайды. Биржада 32 сауда мүшесі, соның ішінде Қазақстан, Қытай және Еуропа елдерінен келген брокерлер бар. Сонымен қатар, AIX Орталық депозитарийінде (AIX CSD) 1 миллионнан астам шот ашылған.

Сондай-ақ оқыңыз