«ҚазМұнайГаз» 2023 жылы жаңа үш кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға берді
«ҚазМұнайГаз» 2023 жылы жаңа кеніштерде газ өндіре бастады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Компания 2023 жылы үш кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға берді:
Оңтүстік Ақсай (игеруге болатын газ қоры — 1,7 млрд текше метр, жылына 100 млн текше метр газ өндіріледі),
Шығыс Өріктау (игеруге болатын қоры — 4 млн тонна, еріген газ қоры — 2,2 млрд текше метр, газдың айлық өндіру көлемі — шамамен 9 млн текше метр),
Рожков кен орны (игеруге болатын газ қоры — 26,9 млрд текше метр, конденсат — 12,5 мың тонна, газ өндіру бойынша жоспарланған жылдық көлемі — 1 млрд текше метр).
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ көмірсутегілерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдау, өңдеу және мамандандырылған қызметтерді көрсетуге дейін барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылды, еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүдделерін білдіреді.