Мальталық инвестқорға тиесілі «Әскер Мұнай» компаниясы 2025 жылдан Бүрбайтал кен орнында газ өндірмек

Жарияланды
Әскер мұнай
Фото: shutterstock

«Әскер Мұнай» компаниясы 2025 жылдан бастап Атырау облысындағы Бүрбайтал кен орнында 450 миллион текше метрге дейін газ өндіруді жоспарлап отыр. Бұл ақпарат компанияның жоспарлы іс-шаралары туралы мәлімдемесінда жазылған.

Аталмыш компанияның түпкі иесі – мальталық Falcon NR&I Fund Sicav Plc инвестиция қоры.

«Әскер Мұнай» Атырау облысындағы Қаратөбе-Бұрбайтал және Кобяковская аймағында көмірсутек барлау және өндірумен айналысады. 2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды мұнай қоры шамамен 14,3 миллион баррельді құраған. Соның ішінде пропан-бутан фракциясын қоса алғанда, сұйық көмірсутек үлесі шамамен 66% құрады.

2022 жылдың соңында компания 2021 жылғы 1,6 миллиард теңге шығынмен салыстырғанда 5 миллиард теңге шығынға ұшырады.

«Әскер Мұнайдың» тікелей бас компаниясы – қазақстандық «Әскер Мұнай Эксплорэйшн» компаниясы. Түпкілікті бақылаушы тарап – Falcon NR&I Fund Sicav Plc ашық инвестициялық қоры.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бірінші нұсқа бойынша «Әскер Мұнай» 2025-2069 жылдары 8,212 миллиард текше метр газ өндіруді жоспарлап отыр. Тереңдігі 5150 метр болатын алғашқы ұңғымаларды 2025 жылы іске қосу жоспарланған. 2031 жылдан бастап кластерлік ұңғымалар кезек-кезек 6700 метрге дейін – екінші өндіру алаңына дейін тереңдетіледі. Сонымен қатар, тағы 10 кластерлі ұңғыма бұрғылау жоспарланған.

Екінші нұсқа бойынша 2025 жылы бір тік ұңғыманы іске қосу, сондай-ақ 14 тік ұңғыманы бұрғылауды қарастырады. Олар 2030 жылы тереңдей бастайды. Өндіріс мерзімі 2059 жылға дейін созылады.

Үшінші нұсқа 2025 жылы бір тік ұңғыманы іске қосу, сондай-ақ 2032 жылы тереңдей бастайтын 20 тік ұңғыманы бұрғылауды қарастырады. Үш нұсқа бойынша да жалпы өндіріс көлемі 8,212 млрд текше метр газды құрайды. Үшінші нұсқа бүкіл шикізатты ​​2049 жылға дейін өндіруге мүмкіндік береді.

Бұрбайтал кен орны Атырау қаласынан солтүстікке қарай 230 шақырым, Құрманғазы ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан. Айналасында елдімекен жоқ.

Тұрмыстық-техникалық қажеттіліктерге су Атырау-Астрахань темір жолының 8 шақырымдық торабынан тасымалданбақ. Су тұтынудың жалпы көлемі жылына 4065 текше метрді құрайды. Жер асты және жерүсті су қоры жоқ болғандықтан, су тасуға тура келеді. Учаскенің жалпы ауданы 758,57 шаршы шақырымды құрайды. Кәсіпорын қажетті электр энергиясын электр желілері арқылы алады, сондай-ақ өндірілген газды өз қажеттіліктеріне, соның ішінде қазандыққа пайдаланады.

Сондай-ақ оқыңыз