Қытай АҚШ-тың бес компаниясына санкция салады

Жарияланды
Фото: Jason Lee / Reuter

Қытай билігі Тайваньға қару-жарақ жеткізуге байланысты АҚШ-тың бес компаниясына санкция салады. Бұл туралы ҚХР СІМ хабарлады.

Қытай билігі BAE Systems Land and Armament, Alliant Techsystems Operation, AeroVironment, Viasat және Data Link Solutions компанияларына қатысты санкция енгізу туралы шешім қабылдады.

ҚХР СІМ-де енгізілген шектеулер Қытай аумағындағы аталған компаниялардың жылжымайтын мүліктерін қоса алғанда, активтерді бұғаттауды көздейтіні нақтыланды.

Сондай-ақ оқыңыз