Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді

Жарияланды
 Фото: shutterstock

Бүгін Сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері қаланың өзінде де сезілді.

Алматы уақытымен таңғы 09:10 кезінде жер сілкінісі болды.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.3.

MPV магнитудасы — 4.6.

Тереңдігі — 10 шақырым.

«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында, оның ішінде Түргенде — 3 балл, Алматыда — 2 балл күші сезілді», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.

Сонымен қатар 6 қаңтар күні Шығыс Қазақстанда магнитурасы 3,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. CSEM EMSC сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, сағат 14:26-да Қарағанды ​​қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 309 шақырымда және Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 56 шақырым жерде жер сілкінісі болған.

Еске сала кетер болсақ, 18 желтоқсанда Қытайдың солтүстік-батысында жер сілкінісі болып, кемінде 111 адам қаза тауып, тағы 220 адам жарақат алды. Оның дүмпуі Алматыда да сезіліп, 2 балдық тербеліс болған.

Жер сілкінісі Ганьсу провинциясында түн ортасында болған. Ганьсу және көрші Цинхай провинциясында үйлер мен инфрақұрылымға зақым келген. Қытай билігі апат аймағына 1,5 мыңға жуық өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды жіберген. 

Сондай-ақ оқыңыз