«ҚазАвтоЖол» филиалы директорының орынбасарына қатысты тергеу басталды – Антикор

Жарияланды

Фото: kursiv.media

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Дәурен Төлтаевқа қатысты тергеудің басталғаны туралы ақпаратты растады.

Бұл ақпаратты 2024 жылдың 6 қаңтарында журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлаған болатын. Онда «ҚазАвтоЖол» жергілікті филиалы басшыларының алғашқы қар жауған кездегі әрекетсіздігіне байланысты Тараздағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны жазылған болатын.

«Алдын ала мәлімет бойынша, сотқа дейінгі тергеу «Ұрлық» бабы бойынша жүргізілуде»,- деп жазған болатын Козачков.

Бұл ретте «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Кейін Жамбыл облысында «ҚазАвтоЖол» облыстық бөлімшесі директорының орынбасары Дәурен Төлтаевтың пара алу кезінде ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

«ҚазАвтоЖолға» қатысты тағы қандай істер қозғалды?

Еске сала кетсек, шілде айында «ҚазАвтоЖолдың» Петропавлдағы бөлімшесінің басшылығы ұсталған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Транспорттық прокуратурамен бірге «НК «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы Павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кескенін хабарлады. Іске қатысы бар бұл тұлғалар аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынған.

Ал сәуір айында Жоғары аудиторлық палата инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына және көлік инфрақұрылымын дамытудың бюджеттік инвестициялық жобаларын іске асыруға бөлінген қаражаттың тиімділігіне аудит жүргізіп, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да және оның филиалдарында да бірталай жекелеген заң бұзушылықтарды анықтаған. 

Сондай-ақ оқыңыз