Елімізде Алатау қаласы пайда болды

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: Ақорда

Алматы облысындағы Жетіген ауылы Алатау қаласына айналады. Тиісті құжатқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулыға қол қойды»-делінген хабарламада.

Жарлықтың тармақтары бойынша Қазақстан Үкіметі қажетті шаралар қабылдауы керек. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салар болсақ, Қазақстанда жаңа қала пайда болатыны жайлы 16 қарашада белгілі болған. Осы кезде «Ашық НҚА» порталына Алатау қаласын құру туралы қаулы талқылауға шығарылды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, жаңа қала Алматы облысында пайда болатыны айтылған.

Сол кезде Үкімет қаулысы 29 қарашаға дейін талқылауда болып, президенттің қарауына жіберілетін болған.

Сондай-ақ оқыңыз