Жаңадан құрылған Алатау қаласына қанша инвестиция салынады?
Жетіген кентін Алатау қаласы етіп құру инвестиция мен технологияларды, қосымша қаржы ағынын тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті дамыту жән салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жол желілері, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін модернизациялауға ықпал етеді. Бұл туралы Экономика министрлігі хабарлады.
Үкімет АЭА (арнайы экономикалық аймақ) аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін кеңейтіп, G4 City-ді Alatau АЭА-ға қайта атау туралы шешім шығарған.
Осылайша, Алатау қаласының бүкіл аумағы және Қонаев қаласының бір бөлігі АЭА аумағына жатқызылады.
Қанша инвестиция тартылады?
Болжамды деректерге сәйкес, АЭА объектілері жобалық қуатына шыққаннан кейін бүкіл кезеңдегі бағаланған жиынтық үлесі 47,3 трлн теңгені, оның ішінде мультипликативтік әсері 17 трлн теңгені құрайды. Министрлік мәліметінше, мемлекеттік инвестицияның әрбір 1 теңгесіне 3,8 теңге жеке инвестиция тартылатын болады.
Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлері бойынша ЭҚЖЖ-ның (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) 17 атауы негізінде 110 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 12,5 трлн теңгеге 170-тен астам жүзеге асырылмақ.
9 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетіген ауылын Алатау қаласы етіп қайта құру туралы қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, Іле ауданынан Жетіген ауылын бөлініп, облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылды. Атауы Алатау қаласы болып өзгерді.