Moody’s агентігі қарызы көп ҚТЖ-ның рейтингін көтерді
Фото: kursiv.media
Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингін Baa3-тен Baa2-ге дейін көтерді.
Рейтинг болжамы – «тұрақты». ҚТЖ рейтингінің өсуіне оның несие портфелі жақсарып келе жатқаны әсер еткен.
«Рейтингтің жоғарылауы ҚТЖ-ның тұрақты операциялық және қаржы көрсеткіштері, сондай-ақ жеке кредит профелінің жинақы, тұрақты жақсарып жатқанын байқатады. Рейтинг сонымен қатар компанияның мемлекетте мағызы жоғары екенін ескереді. Оның экономиканы көмірсутек секторынан әртараптандыруға бағытталған күш-жігері стандартты айтарлықтай қолдау, тарифтік саясатты бейімдеу және ҚТЖ стратегиясы мен қаржы саясатын ақылға қонымды қадағалауға алып келеді», – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар рейтинг компанияның теміржол тасымалына жоғары сұранысты қанағаттандыру және активтер базасын жақсартуға бағытталған ауқымды бағдарламасын бағалайды.
Moody’s ҚТЖ-ның жүк айналымы 2022 жылы 5,1%-ға және 2023 жылдың тоғыз айында 7,5%-ға өскенін атып өткен. 2023-2024 жылдарыол негізінен транзиттік және экспорттық операциялар есебінен жылына 7,0%-9,0%-ға өсуі ықтимал.
«Компания Ресей мен Азия арасындағы, сондай-ақ «Орталық дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының бойындағы жүк тасымалы көлем артуынан пайда көріп отыр. Аймақтағы жүк ағыны және тек жергілікті инфрақұрылым жолдарымен шектелуі мүмкін», – деді Moody’s сарапшылары.
«Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев 2023 жылы ҚТЖ түсімі 2 трлн теңгеге жетеді деп мәлімдеген.
«2023 жылы ҚТЖ кірісі шамамен 2 трлн теңге болады деп күтілуде. 2020 жылдан бастап компания тұрақты түрде оң қаржылық нәтижеге ие. 2023 жылдың 10 айында 139 млрд теңге мөлшерінде таза пайда алынды. Соңғы үш жылда Компания өндірістік персоналдың жалақысын көтеруге 241 млрд теңге бөлді. Тек ағымдағы жылдың өзінде өндірістік қызметкерлер жалақысы екі рет көтерілді: қаңтар және наурыз айларында – 5% және 15%-ға өсті»,– деді ҚТЖ басшысы.
Нұрлан Сауранбаев компания кірісінің артуына жүк тасымалының артуы себеп болғанын айтқан.
Алайда қазір компания қарызға батып отыр. ҚТЖ-ның ұзақмерзімді міндеттемелері 2 трлн теңгеден асады. 2023 жылың 9 айындағы қаржы есебінде компанияның міндеттемелері (қарызы) активтерінен 456,388 млн теңгеге артық екені жазылған. Соның 456,135 млн теңгесі есепті кезеңнен кейін 12 ай ішінде төленуге тиіс.
Компанияның «Қазақстан халық банкі» мен Forte bank алдында 2 ірі қарызы бар. Компания басшылары кредиторлармен бұл қарызды есепті кезеңнен кейінгі 12 ай ішінде емес, кейін төлеу мәселесін келісіп жатыр.
Ел Үкіметі , ҚТЖ-ның қызмет тарифі қымбаттағаннан кейін IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр. «Қазақстан Темір Жолының» 5%-ға дейін акциясы 2025 жылы IPO-ға шығуға тиіс.