Тайваньдағы президент сайлауы: Қытайға жақпайтын кандидат жеңіске жақын
Тайвань оппозициясы сенбі күні өткен президенттік сайлауда жеңілгенін мойындады. Дауыстарды санау әлі аяқталған жоқ. Бірақ алдын ала есеп бойынша билеуші партияның кандидаты Лай Циндэ (Уильям Лайдың) 42% дауыспен алға шыққан.
Лай Циндэ билеуші демократиялық прогрессивті партияның өкілі. Жасы 64-ке келген ол Тайваньнің вице-президенті қызметін атқарып келген. Бұл – кандидат халық қолдауына ие. Себебі ол аралдың Бейжіңге тәуелділігін азайтып, АҚШ-пен жақындасуға ниетті. Сол себепті де Қытай билігі Лай Циндэні сепаратист санайды.
Ал оның қарсыласы Гоминьдан партиясының кандидаты Хоу Юй, керісінше, материктік Қытаймен жақындасуды жөн санайды. Ол бұл сайлауда 34% дауыс жинаған.
Сайлау қорытындысы бірнеше күннен кейін жарияланады. Дегенмен Уильям Лайдың жүздеген жақтастары жеңісті тойлауға кіріскен.
Еске сала кетсек, Қытай демократиялық жолмен басқарылатын Тайваньді өзінің территориясы деп санайды. Ал Тайбэй Үкіметі егемен ел болғысы келеді.
АҚШ Тайваньға қолдау көрсетіп, қаржылай көмек көрсеткен. 2022 жылдың 2 тамызында АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары аясында Қытай мен Тайвань арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түсті. Содан кейін ҚХР СІМ қатты наразылық білдірді.