Кіші Кеннеди Украинаға көмек көрсетуді тоқтатуды ұсынды

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:kursk.com

Кіші Кеннеди биыл Демократиялық партия атынан президенттік сайлауға түсуге ниетті. Ол Мексикамен шекараның қауіпсіздігін күшейтуді және Украинаға қаржылық көмекті тоқтатуды қолдайды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Кеннеди мырзаның ұстанымы Президент Байденнен де, республикашылдардан да ерекшеленеді. Ол заңсыз иммиграцияның бақыланбайтын ағынын тоқтату үшін шекара қауіпсіздігін күшейтуді қолдайды. Сондай-ақ , Украинадағы соғысты қаржыландыруды тоқтату қажет»,– деді Кеннеди кіші штаб-пәтерінде.

Айта кетейік, Америка Құрама Штаттарының 35-ші президенті Джон Кеннедидің жиені, заңгер және саясаткер кіші Роберт Кеннеди 2024 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысуға өтінім берген болатын.

Еске сала кетер болсақ, Песков Bloomberg-тің АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі шамамен 300 миллиард доллар тоқтатылған активтерді тәркілеп және оларды Украинаға жіберуге мүмкіндік беретін заңды қолдайтындығы туралы хабарламасына түсініктеме берген. Ол Вашингтон Халықаралық инвесторлардың сеніміне нұқсан келтіру үшін мұндай қадамға барып отыр деп мәлімдеді.

Песков бұл шешімнің ауыр салдары болатынын ескертеді. Песков 2023 жылдың желтоқсан айында Ресейдің Орталық банкі 300 миллиард долларлық тоқтатылған резервін алуға жауап ретінде, оларда да тәркіленуі мүмкін басқа елдердің активтерінің тізімі бар екенін атап өтті. РФ Қаржы министрі Антон Силуанов Мәскеу АҚШ-та қабылданған бұл заңға жауап қайтаруы мүмкін екенін айтады.

Bloomberg және Reuters агенттігінің хабарлауынша, ресейлік активтерді тәркілеу немесе пайдалану мәселесі ақпан айында G7 жиналысында, толық ауқымды соғыс қимылдарының екінші жылдығы қарсаңында талқыланады. Вашингтон желтоқсан айында одақтастармен осы тақырып бойынша келіссөздерді бастады, деп хабарлады The New York Times.

Еске салар болсақ, 2023 жылдың желтоқсанында Еурокомиссия Еуроодақта Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен пайдадан 15 млрд доллар жинап, Украинаға көмек көрсету ойлары бар екенін мәлімдеген. Бұл жайлы Financial Times басылымы хабарлаған.

Сондай-ақ АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамптың Колорадо Жоғарғы сотының шешіміне түсірген шағымын қарайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Колорадо штатының соты оны президенттік сайлаудан шеттету туралы шешім шығарған.

Сондай-ақ оқыңыз