Үшінші дүниежүзілік соғыс жақындады – Дональд Трамп

Жарияланды
Фото:shutterstocks

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп үшінші дүниежүзілік соғыс жақындады деп ескертті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Менің ойымша, біз қазір үшінші дүниежүзілік соғыс алдында тұрмыз. Бірақ мен әр сөзімде айтқанымдай, үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын аламын. Бұл іске қатысты адамдардың барлығын білемін»,– деді Трамп Айова штатындағы жақтастарына сөйлеген сөзінде.

Республикалық саясаткердің пікірінше, АҚШ Джо Байденнің әкімшілігі кезінде «әлсіз және тиімсіз мемлекетке» айналды.

«Байден қабілетсіз. Оның жақсы білетіні тек сайлау кезінде алдау. Олар (демократтар – ред.) сайлау нәтижелерін бұрмалау мен саяси қарсыластарын қудалауды біледі. Басқа ештеңе істей алмайды»,– деп атап өтті АҚШ-тың экс-президенті.

Саясаткердің айтуынша, бұл бірінші және екінші дүниежүзілік соғысқа ұқсамайды. Олар өте қорқынышты болды. Бірақ бұл соғыс әлдеқайда сұрапыл болады.

АҚШ-та президенттік сайлау 2024 жылдың 5 қарашасына жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Колорадо Жоғарғы соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа штаттағы президенттік сайлауға қатысуға тыйым салды. Шешім күшіне енсе, Трамп бұл штатта сайлана алмайды.

Сондай-ақ, биыл АҚШ Жоғарғы соты Трамптың праймеризге қатысу туралы өтінішін қарайтын болды.

Еске сала кетсек, Дональд Трампқа 4 қылмыстық іс бойынша айып тағылды. Бірақ Трамп тағылған айыпты мойындамады. Ол 2024 жылы сайлауға түсуіне қолдан кедергі жасалып жатыр деп мәлімдеді. 

Сондай-ақ оқыңыз