Қарағандыда өрт кезінде 14 адам құтқарылды
Жарияланды
(жаңартылды )
Қарағанды қаласында өрттен 14 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
«10 қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы, сондай-ақ арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері өртенді«, – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарды, оның 8-і – бала.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Айта кетейік, бүгін Ақмола облысында автобус бұзылып, 65 шетел азаматы қар құрсауында қалды деп хабарладық.