Сұйытылған мұнай газ өндірісін 700 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрлігі Қашаған кен орнының акционерлерімен бірлесіп сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу туралы келісімге келді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы Қашаған кен орнының акционерлерімен «Болашақ» біріктірілген мұнай және газды кешенді қайта өңдеу қондырғысында өндірілген сұйытылған мұнай газының алдағу уақытта әлеуетті жеткізілімдері туралы келіссөздер жүргізуге ұсынылып отыр», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл елімізде сұйытылған мұнай газы саласындағы инфрақұрылымдық жоба бойынша түпкілікті инвестициялық шешімді қабылдау жоспарланып отыр.

«Қазақстандық нарыққа сұйытылған мұнай газын жеткізу 2025 жылдың соңына қарай басталады деп жоспарланып отыр. 2027 жылға қарай Қашаған кен орындарындағы инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталғаннан кейін, СМГ өндірісінің көлемі жылына 700 мың тоннаға жетеді», – делінген ҚР Энергетика министрлігінде.

Естеріңізге салсақ,  Қашаған алып кен орнына иелік ететін ірі мұнай компаниялары мен Қазақстан билігі өзара мәміле жасауға жақын. Компаниялар 5 млрд доллар көлеміндегі экологиялық айыппұлға қатысты мәселені шешуге ниетті деп хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз