Хакерлік шабуылға ұшыраған БАҚ өкілдері Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз жазды

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:kursiv.media

Алматыда хакерлік шабуылға ұшыраған БАҚ-тың бас редакторлары мен журналистері Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз түсірді.

Бүгін Kursiv.Media редакциясында өткен БАҚ өкілдерінің басқосуында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Цифрлық даму, инновациялар министрлігіне және Қазақстан Республикасының Аэроғарыш өнеркәсібі, сондай-ақ META-мен байланыста көмек көрсету үшін халықаралық ұйымдарға ресми хат жолдау туралы ортақ шешім қабылданды.

«Туындаған мәселені шешудегі қазақстандық БАҚ-тың бірігуін  көрсету біз үшін маңызды оқиға. Мен әртүрлі редакция өкілдерінің бірігіп әрекет етуін бірінші рет көріп отырмын. Бұл енді БАҚ-тың іскерлік туралы ғана мәселесі емес, біз көппіз және жалғыз әрекет етпеуіміз керек»-деді Kursiv.Media сайтының бас редакторы Мира Халина.

Shishkin_like жобасының негізін қалаушы Дмитрий Шишкин онымен келісіп, БАҚ-қа қысым көрсеткендерге қарсы ұжымдаса әрекет ету керектігін баса айтты.

«Обожаю» жобасының негізін қалаушы әрі жүргізушісі Асхат Ниязов өз жобасының аккаунттарына, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларына, сондай-ақ отбасы мүшелерінің аккаунттарына шабуыл жасалғанын хабарлады.

Өз кезегінде Protenge.kz сайтының негізін қалаушы Жәмиля Маричева, бұл жағдайға үлкен резонанс беру үшін мәлімдемені Қазақстанның мемлекеттік органдарына ғана емес, халықаралық құқық қорғау ұйымдарына да жеткізуді ұсынды.

Сондай-ақ, кездесуге Kursiv.Media сайтының бас редакторы Айдар Бурибаев, AIRAN жобасының бас редакторы Дәурен Меркеев пен жоба продюсері Николай Пак қатысты.

Кездесу Kursiv.Media редакторларының бастамасымен 2023 жылдың соңында өткен «БАҚ-тың ақпараттық қауіпсіздігі: журналистиканы хакерлерден қалай қорғауға болады» атты дөңгелек үстелдің жалғасы ретінде өтті.

Оның қорытындысы бойынша ұжымдық акт жасалып, ол 2024 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жіберілді.

Алдымен 4 БАҚ біріктірілді: Kursiv.Media сайты, Inbusiness.kz сайты, Protenge.kz порталы және Shishkin_like. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында ұжымдық мәлімдемеге AIRAN командасы мен «Обожаю» жобасының жүргізушісі Асхат Ниязов қосылды.

2023 жылдың 6 желтоқсаны мен 2024 жылдың 17 қаңтары аралығында Kursiv.Media серверлері DDOS шабуылына ұшырады. Онда 3 миллиардтан астам сұраныс тіркелген. Бұл жүктеме Kursiv.Media сайтының бірнеше рет қолжетімсіз болуына әкелді. Корпоративтік электрондық поштаны бұзып, басылым қызметкерлеріне жалған мекенжайлардан хат жіберу әрекеттері де тіркелді. Kursiv-тің Instagram аккаунты бұғатталды.

Осы кезде Protenge.kz, Shishkin_like және басқа да бірқатар Баспасөз ақпарат құралдарының Instagram аккаунттарына шабуыл жасалды.

Айта кетейік, «Курсив» сайты екінші күн қатарынан DDoS шабуылына тап болды деп хабарладық. Сондай-ақ, Kursiv.Media telegram-арнасына да боттар шабуыл жасады.

Сондай-ақ оқыңыз