Биыл әлемде IT шығындары 6,8%-ға өседі –Gartner зерттеу ұйымы
Жарияланды
(жаңартылды )
Gartner танымал зерттеу ұйымының болжамдарына сәйкес биыл ақпараттық технологияларға (IT) әлемдік шығындар өткен жылғымен салыстырғанда едәуір өседі.
Gartner зерттеу компаниясы 2024 жылы бұл саладағы шығындар 6,8%-ға артып, 5 трлн доллардан асады деп есептейді.
2023 жылы шығын 3,3%-ға, яғни 4,68 трлн долларға дейін артқан болатын.
Компанияның айтуынша, ІТ қызметтері бизнесте маңызды рөл атқарады, сондықтан бұл оларға жұмсалатын шығындардың ұлғаюына әкеледі.
«Генеративті жасанды интеллект көп нәрсені өзгертеді, бірақ ақпараттық технология шығындарына айтарлықтай әсер етпейді. Нарықтың барлық сегменті биылғы жылы өсімге қайта оралады «, – деп есептейді Gartner вице-президенті Джон-Дэвид Лавлок.