Франция Киевке айына 3 мың снаряд жеткізуді жоспарлап отыр

Жарияланды
Фото: Интерфакс ру

Қаңтар айынан бастап Франция Украинаға ай сайын 3 мың снаряд жеткізіп отыратын болды. Бұл мәлімдемені елдің қорғаныс министрі Себастьян Лекорню France Internationale радиосына берген сұхбатында айтты.

Министрдің айтуынша, Франция 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың желтоқсанына дейін Киевке айына 2000 снаряд жеткізіп отырған. Енді биыл бұл көмек ұлғайтылатын болды.

«Франция алдағы апталарда Киевке Caesar-дің өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысын жеткізеді. Сонымен қатар 2024 жылы және 2025 жылдың басында Украинаға арналған 78 Caesar қондырғысын шығарамыз»,– деді Себастьян Лекорню.

Айта кетейік, ЕО-ның 2024-2027 жылдарға арналған ұзақ мерзімді бюджеті қайта қаралады. ЕО елдерінің тұрақты өкілдер комитеті «Украинаны қалпына келтіруді, қайта құруды және модернизациялау» бойынша ішінара келіссөздер мандатын мақұлдағанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз