Google Ұлыбританиядағы деректер орталығын салуға 1 млрд доллар бөледі

Жарияланды (жаңартылды )
Ajnj&shutterstocks

Google Ұлыбританиядағы деректер орталығының құрылысына 1 млрд доллар инвестициялайды. Бұл туралы Интерфакс ру сайты хабарлады.

Google хабарламасында айтылғандай, деректер орталығы Уолтэм Кросста (Хертфордшир округі) салынады.

Жоба жергілікті қоғамдастық үшін жаңа құрылыс және техникалық жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

«Құрылыс аяқталғаннан кейін, бұл жоба жасанды интеллект инновациялары мен Google пайдаланушыларына сенімді цифрлық қызметтерді ұсынуға көмектеседі», – делінген хабарламада.

2023 жылдың қыркүйегінде АҚШ Әділет министрлігі Google-ді интернет-іздеушілер нарығын монополиялап алды деп айыптаған. Ведомство Google-дың смартфон және браузер өндірушілермен өздерінің іздеу жүйесі оларды әдепкі қалыпта тұруына қатысты жасайтын келісімдерін заңсыз деп есептейді. Бұл іске қатысты соңғы сот отырысы 2024 жылдың мамыр айына тағайындалған деп жазады The Financial Times.

Сондай-ақ оқыңыз