Қазақстанның үш облысында жол жабылды
Еліміздің үш облысында жол жабылды. Республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілгені жайлы QazAvtoJol хабарлады.
Атырау облысында – 1 учаске жабылды. «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 616-833 шақырымы, Атырау қаласы мен Жұмекен ауылы арасы.
Жетісу облысында – «Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырымы жабылды. Яғни Көктұма – Достық станцияларының арасындағы 100 шақырым. Бұл аймақта боран соғып, көрініс шектеледі.
Батыс Қазақстан облысында – 3 учаске жабылған. Ол жерде жел соғып, боран ұйытқиды. Нәтижесінде көрініс шектеулі болмақ. Ауа температурасы да 0-ден төмен болады деп күтілуде. Ол учаскелер:
- «Атырау-Орал» 375-492 км, Чапаев к. – Орал қ.-117 км.
- «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» 0-213 км, Чапаев к.-Қазталов к.-213 км.
- «Атырау-Орал» 189-371 км, Атырау обл шек.-Чапаев к. – 182 км.
Ал «Қазгидромет» болжамына сенсек, 22 қаңтарда Астана мен Көкшетауда күн аяз , -15°C суық болады. Ал Ақтөбеде қар жауады деп күтіледі. Ауа райы температурасы -17°C. Сонымен бірге Қостанайда -10°C, Оралда -14°C, Алматыда -12 °C, Талдықорғанда -18 °C суық болады.