Қазақстанда виртуалды ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
виртуалды ұялы байланыс
Виртуалды ұялы байланыс операторы пайда болмақ. Фото: shutterstock.com

Алдағы уақытта Қазақстанда виртуалды ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін. Ол бүкіл байланыс операторының сигналын қабылдай алады.

Мәжілістің жалпы отырысында байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелеріне қатысты заң жобасы талқыланды. Заң жобасы жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляеваның айтуынша, виртуалды байланыс операторлары – байланыс қызметінің агрегаторлары.

Олар станциясы жақынырақ операторлардан бүкіл сигналды қабылдайтын әмбебап SIM-карталарға қызмет етеді.

«Мұндай карталарға арналған тариф біршама қымбатырақ болады, бірақ бүкіл ел бойынша үздіксіз байланысқа мүмкіндік болады. Қазіргі уақытта әмбебап карталар «ЭВАК» апаттық түймелерінде қолданылады», – деп атап өтті мәжілісмен.

Депутаттың айтуынша, виртуалды байланыс болашақта төтенше жағдайлар министрлігі, патруль және жол қызметі, туристердің және т.б. мәселелерін шешетін болады.

Қаралып жатқан заң жобасы телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, қала мен ауылдық жердегі байланыстың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын жақсартуға бағытталған.

Енгізілетін түзетулер спутниктік технологиялар мен инновацияларды қолдану аясын кеңейтуді көздеп отыр.

Заң жобасы мақұлданса, байланыс операторлары инфрақұрылым мен жиіліктерге бірдей қол жеткізе алады. Смышляеваның айтуынша, байланыс мәселелері бойынша түзетулер аясында радиожиілік спектрін қайта бөлу тәртібін қайта қарау арқылы нарық монополиядан арылмақ.

«Қазіргі уақытта бірқатар жиілік ірі компаниялардың монополиясында болса, кейбірі мүлде пайдаланылмайды. Мұндай қатынаста оларды қайтарудың құқықтық тетігі адал операторларды жұмысқа тартуға және қызметтерді қамтуды арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерін байланыс операторлары пайдалануы үшін қолданыстағы кабельдік каналдармен қамтамасыз етуге міндеттейтін норма ұсынылды»,  – деді депутат.

Қосымша баяндама жасаған Нұртай Сабильянов байланыс желілерін орналастыру елдімекендердің бас жоспарына енгізілетінін айтып өтті.

«Бұл заң жобасы байланыстың сапасы мен қолжетімділігіне қатысты көптеген мәселелерді шешуге бағытталған. Өйткені көптеген елдімекен интернет байланыссыз қалып отыр. Ал интернетке қол жеткізген елдімекендерде интернет сапасы, жылдамдығы нашар. Осыған байланысты депутаттар Қазақстан автожолдарынта талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу үшін операторлардың байланыс инфрақұрылымына, сондай-ақ, радиожеліліктерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін құқықтық шарттарды ұсынып отыр. Енді байланыс желілері елдімекен жоспарының міндетті бөлігі болады», – деді депутат,

Сонымен қатар әкімдіктер жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынған кабельдік кәріз және телекоммуникация желілері түгендеп, өз балансына алуға мідетті болады. Бұл ауылдарды интернет байланысымен қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз