2023 жылы рубльге деген сұраныс төмендеді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
халықтың рубльге деген сұранысы
Халық рубльді сатып алуды азайтты. Фото: kursiv.media

2023 жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы ақша айырбастау пунктер 5,8 млрд теңгеге рубль сатқан. Яғни халықтың рубльге деген сұранысы сәл артқанымен, жылдық мәнде ел тұрғындары қолындағы рубльді сатып отырған. Бұған Ұлттық банктің статистикасы дәлел.

2023 жылдың желтоқсанында рубльді нетто-сату 5,8 млрд теңгені құраған. Ал қараша айында 3,1 млрд теңгеге рубль таза сатып алынған еді. Желтоқсан айындағы рубльге деген сұраныс – 2023 жылдың тамыз айынан бергі ең жоғары мән. Ресей валютасына деген қызығушылық көрші елде «валюталық реттеу» енгізілгеннен кейін артуы ықтимал.

Желтоқсан айында ресейлік валютаның басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Астанадағы айырбастау пунктерінде айырбасталған. Бұл өңірлерде айырбастау пунктері 1,2 млрд, 875 млн және 582 млн теңгеге рубль айырбастаған. Ал Шымкент, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда мен Түркістан тұрғындары, керісінше, рубльді сатқан.

Былтыр жыл соңында доллар мен еуро сату көлемі аздап өсті. Желтоқсан айында айырбастау пунктері 237,8 млрд теңгеге доллар сатса, 12,9 млрд теңгеге еуро айырбастаған.

Бұл Қазақстан тұрғындары доллар сатып алудан биылға рекорд орнатқан қараша айындағы көрсеткіштен артық. Қарашада ақша айырбастау орындары 234,6 млрд теңгеге АҚШ көкқағазын сатқан еді.

Былтыр қыркүйекте халық Ресей рублін жаппай сатып жатқанын жазғанбыз. Қыркүйек айында бұл көрсеткіш 2,7 млрд теңгеге теңге еді. Қазан айында сол үрдіс жалғасып, айырбастау пунктерінде рубльді нетто-сатып алу көлемі 6,13 млрд теңгені құраған.

Қарашада халық қолда бар рублін айырбастауды жалғастырды Бұл айда 3,1 млрд теңгеге ресей рублі айырбасталған.

Сондай-ақ оқыңыз