Алматы әкімдігі қаладағы бірқатар жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмауға кеңес береді
Алматының қала құрылысы басқармасы сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін толықтырды. Бұл тізімге 45 тұрғын үй кірген.
Тізімген енген тұрғын үй кешендерінің құрылыс салуға рұқсат берілген құжаты толық емес. Сондай-ақ олар бастапқы жобадан ауытқып салынғаны және басқа да бұзушылықтары бар екені анықталған.
Сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі
Алатау ауданы
1. «Питтсбург» ТҮК
2. «ORDA CITY» КПТҮ
3. «Dostar Deluxe» КПТҮ
Алмалы ауданы
1. «Auezov Apartaments» ТҮК
2. «Tole BI Residence» ТҮК
Наурызбай ауданы
1. «Apple Park» ТҮК
2. «Люксембург» ТҮК
3. «Мұнартау» ТҮК
4. Таунхаус, мекенжайы: Қарағайлы ш/а., 2-ші бөлімше
5. «Sofia Village» коттедж қалашығы
6. «Flora» ТҮК
7. «Lantana» ТҮК
8. «Французский дом» ТҮК
9. КПТҮ мекенжайы: Кенесары хан к-сі, 98 уч.
10. Қарағайлы ш/а., Құралай к-сі, 37-үй бойынша блокталған үй
Бостандық ауданы
1. «Баганашыл» КПТҮ
2. «Швейцария» ТҮК
3. «Rich» клуб үйі
4. «Khan» клуб үйі
5. «Graff» ТҮК
6. Ерменсай ш/а., Жәңгір хан көшесі, 46 мекенжайындағы КПТҮ
7. «Pine Hills» клуб үйі
8. Клуб үйі: Нұр-Алатау ш/а., Қ.Тауасарұлы к-сі, 71/21 үй
9. Асқар тау ш/а., Жансая көшесі, 17б мекенжайындағы блокталған үй
10. «EVIM NOVO» ТҮК
11. «Баракат» ТҮК
12. Ерменсай ш/а., Жәңгір хан көшесі, 39, 41 мекенжайындағы таунхаус
13. Клуб үйі: Нұр Алатау ш/а., Баязитова к-сі, 13-уч.
14. Клуб үйі: Әл- Фараби, 128/3 уч.
Медеу ауданы
1. «Sky Club House» клуб үйі
2. «Priority» клуб үйі
3. «Sky Park» ТҮК
4. «Мечта» таунхаусы
5. Достық даңғ, 170/1 мекенжайындағы ТҮК
6. «Maison» клуб үйі
7. «Demeu Residence» клуб үйі
8. «Pine Hill Residence» клуб үйі
9. «Alma Garden» клуб үйі
10. «Chelsea Club House» клуб үйі
11. «Domino Life» ТҮК
12. «Monterosa» КПТҮ
13. 3-көше, 12-уч мекенжайдағы таунхаус
14. Оспанов к-сі, 89/10 мекенжайдағы таунхаус
15. Нұрмағамбетов к-сі, 374/1 18 мекенжайдағы КПТҮ
16. «Damac House» клуб үйі
Белгілі болған заңсыз құрылыстар
Бұған дейін таулы жерлерде заңсыз салынған 54 құрылыс белгілі болды. Осы анықталған 54 құрылыстың 44-сіне қатысты сот болған. Сот талап-арыздарды қарап, 44 құрылыстың 31-іне қатысты оң шешім шығарып, сүруге жіберген.
Сонымен қатар Алматы әкімдігі қала құрылысы басқармасы мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен жұмысы барысында таулы жерлерде заң талаптары мен құрылыс нормаларына мүлдем сай келмей салынып жатқан 52 нысан анықталған.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, қаладағы 19 нысан бойынша толық немесе ішінара бұзу, учаскені бастапқы күйіне келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімдері заңды күшіне енген.
Сондай-ақ Алматы әкімдігі сапасыз құрылыстан 1 мыңнан астам заң бұзу анықталғанын хабарлады. Нәтижесіне 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылған.
Жалпы соңғы екі жыл көлемінде заңсыз құрылыс салушыларға 20 қылмыстық іс қозғалған. 16 тұлға сотқа тартылған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметі бойынша, нарықтың 28 пайызы ғана заңды бағытта жұмыс істеп жатыр.